Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жол жүру қауіпсіздігі

Бүгін, 26 қыркүйек күні, бастауыш  класс оқушыларына «Жол жүру қауіпсіздігі» қағидаларын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік сабақтары» жүргізілді. Қауіпсіздік сабағына Ақтөбе қаласы ПБ ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.М.Сабыржан, Р.Ж.Елеуов  қатысып жолда жүру ережелері мен белгілерінің түрелерін, атқаратын қызметін, ережесін түсіндірді. Оқушыларға ақжолақтың қызметін түсіндіріп, жол бойымен қалай өту керектігін көрсетіп өтті. Оқушыларды тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүру және жол жағдайында қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертті.