ТәрбиелікІсШара
- Дата: 06.11.2025
✍️ Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 6 қарашасында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары – Ақтөбе қаласы №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Тилегенов Нұржан Өнбергенұлы және №3 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Өтеген Бақтығали Матайұлының қатысуымен 6–7 сынып оқушыларына арналған «Өрт қауіпсіздігін алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті.
🔹 Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары қарапайым әрі қызықты түрде түсіндірілді. Өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу тәртібі, сондай-ақ сіріңке мен ашық отпен ойнаудың қауіптілігі туралы жан-жақты мәлімет берілді.
#ӨртҚауіпсіздігі#ҚауіпсіздікМәдениеті#ТөтеншеЖағдайДепартаменті#АзаматтықҚорғау#ҚауіпсізМектеп #БалаларҚауіпсіздігі #ӨрттіңАлдынАлу#ӨртҚауіпсіздігіСағаты #ТәрбиелікІсШара