Шығармашылық үйірмелер
- Дата: 13.10.2025
✍️ Мектебімізде көркем шығармашылық үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар үйірмелер белсенді түрде жұмыс істеуде.
🔹 «Ашық алаң» дебат үйірмесі – оқушылардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін дамытып, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Үйірме жетекшісі – Айна Әбілғазықызы.
🔹 Этнографиялық зерттеулер үйірмесі – ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраларды зерттеуге қызығушылық танытатын оқушыларға арналған.
Үйірме жетекшісі – Н.С. Бахитова.
🔹 «Жас шахматшылар» үйірмесі – логикалық ойлау, стратегиялық жоспарлау және шыдамдылықты дамытуға бағытталған.
Үйірме жетекшісі – Н.А. Сметова.