Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Салауатты өмір салты – дұрыс тамақтанудан басталады!

Бүгін мектебімізде «Салауатты тамақтану пирамидасы» тақырыбында №7 Қалалық емхана маманы Абдибаева Саламат Абдирасилқызымен кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, тағам өнімдерін үйлестіріп тұтыну жолдары мен күнделікті рационды дұрыс құрастырудың негізгі қағидалары түсіндірілді.

Тамақтану пирамидасының әр деңгейіндегі тағам топтары таныстырылып, олардың ағзаға пайдасы жайында қызықты мәліметтер берілді. Оқушылар пайдалы тағамды таңдаудың денсаулық кепілі екенін түсініп, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Кездесудің мақсаты – жастарды дұрыс тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.