Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

PISA халықаралық зерттеуі — білімнің жаһандық айнасы

Бүгін, мектебіміздің 15-16 жас аралығындағы 9-11 сынып оқушыларына «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі туралы мектеп директоры А.Қ.Ешмағамбетова және мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔹Жиналыста зерттеудің маңызы, оның мақсаты және оқушыларға беретін мүмкіндіктері талқыланды.

📊 PISA (Programme for International Student Assessment) — әлем елдерінің білім сапасын бағалайтын маңызды бағдарлама. Ол 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағыттарындағы білімін, сондай-ақ сол білімді өмірде қолдану дағдыларын анықтайды.

Бұл зерттеу әр елдің білім жүйесінің деңгейін көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың өмірге дайындығын бағалайды.

🇰🇿 Қазақстан да бұл бағдарламаға белсенді қатысып келеді. Біздің мектеп те осы ауқымды зерттеудің бір бөлігі болғанына қуаныштымыз!

✨ PISA — бұл білім сапасының айнасы және болашаққа ашылған жол!
#PISA#Білім#ХалықаралықЗерттеу #ҚазақстанБілім #БолашақҰрпақ #PISA2025#БілімАйнасы