Педагогикалық-психологиялық консилиум
- Дата: 08.11.2025
МАД, 1, 5, 10-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі
7 қараша күні мектебімізде МАД, 1, 5 және 10-сынып оқушыларының бейімделу үдерісін талқылауға арналған педагогикалық-психологиялық консилиум өтті.
🔹 Консилиумға ҒӘЖ орынбасары А. Василиева, бастауыш сынып мұғалімі Д. Мамбетниязова және мектеп психологы А. Касымкулова қатысып, тақырып бойынша жұмыстар жүргізді.
Мамандар оқушылардың бейімделу жағдайына байланысты талдау жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Консилиумның мақсаты — жаңа ортаға енген оқушылардың оқу-тәрбие процесіне психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бейімделуін бақылау, қолдау, туындаған қиындықтарды дер кезінде анықтап, тиімді шешу жолдарын қарастыру.
Іс-шара барысында мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушылардың оқу мотивациясы, сыныптағы қарым-қатынастары, мінез-құлық ерекшеліктері және эмоционалды жағдайлары жөнінде пікір алмасты.
🔹 Қорытындысында, әр оқушының бейімделу деңгейіне талдау жасалып, алдағы уақытта жүргізілетін жеке және топтық қолдау шаралары жоспарланды.
Мұндай кездесулер оқушылардың өздерін жаңа ортада сенімді сезінуіне, мектеп өміріне сәтті бейімделуіне зор мүмкіндік береді.
🌱 Оқушының жаңа ортаға бейімделуі – табысты оқудың кепілі!
Бірлесе талдап, бірге қолдау көрсетеміз.
#психологиялыққолдау #бейімделу #педконсилиум #психологиялыққызмет #педагогикалықпсихологиялықконсилиум