✍️ Мектебімізде құқықтық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
- Дата: 09.10.2025
🔹Жиын барысында кеңестің жаңа мүшелері бекітіліп, кеңес жұмысын үйлестіретін төраға ретінде А.Қ. Ешмағамбетова тағайындалды.
🔹 Кеңестің төрағасы А.Қ. Ешмағамбетова отырыс барысында алдағы кезеңге арналған жылдық жоспармен таныстырды.
🔹 Жоспарда құқықтық тәртіпті нығайту,оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықтық тәртіпті жетілдіру бағытындағы маңызды шаралар қамтылды.
Мектепішілік есепке қоюға негіз болып табылатын 🔹ережемен таныстырды:
-сабаққа қатыспау немесе жүйелі түрде себепсіз сабақты босататындар (3-7 күн);
-қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар: қаңғыбастылық, бақылаусыздық, қадағалаусыздық, қайыр сұрау;
-психоактивті заттарды, есірткі құралдарын пайдалану, спирттік ішімдіктерді қолдану, темекі шегу;
🔹-бейресми бірлестіктерге, қоғамқа қарсы бағыттағы ұйымдарға қатысу, деструктивті діни ұйымдарға бару;
-әкімшілік құқық бұзушылық;
-мектептің ішкі тәртіп Ережесін жүйелі бұзу (үнемі үй тапсырмасын орындамау, сабақта жұмыс істеуден бас тарту, оқу құралдарының, дәптер, кітаптарының болмауы, сабақтағы тәртіпсіздік, төбелес, дөрекілік көрсету, әдепсіз сөздер айту және т.б.)
🔹Құқтық кеңес отырысы мен профилактикалық жұмыстар ай сайын жүргізіледі.