Мектебімізде 10 қыркүйек ата-аналар комитетімен бірлескен маңызды жиналыс өтті.
- Дата: 10.09.2025
Мектебімізде 10 қыркүйек ата-аналар комитетімен бірлескен маңызды жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты — «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту. Жиналыста ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысының маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара барысында:
2025-2026 оқу жылының жаңа оқу жылына мектептің дайындығы;
2024-2025 оқу жылы өткен оқу жылының қорытындысы;
«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында баяндама.
а) мектеп пен ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің басымдықтары
ә) сынып ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері.
2025-2026 оқу жылының оқу тәрбие саласындағы өзгерістер, жаңа оқу жылының жұмыс жасау ерекшеліктері;
Мектептің әлеуметтік паспорты, әлеуметтік көмек, бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы;
«Мектепке жол акциясы» аясындағы жүргізілген жұмыстар;
«Денсаулық байлығым» мектеп оқушыларының денсаулығы, тазалығы; Мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылды.
Оқушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті мен бірыңғай талаптары қарастырылды. Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары сөз болды. Жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен мақсаттар нақтыланды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар белсенді пікір білдіріп, мектеп өміріне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар елімізде рухани тұрақтылық пен діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы қатысып ақпарат берді. Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтіп, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы өзара сенім мен серіктестікке негізделді. Жиналыс соңында мектептің жаңадан ата-аналар комитеті құрамы сайланып, бекітілді.