ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ ОШАҒЫ
- Дата: 24.09.2025
Бүгін, 24 қыркүйек күні, 8-9-10-11 кластың қыз балаларына «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ ОШАҒЫ» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесу шарамызға мектеп директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы мен
«Алтын алқа" иегері, "Мерейлі отбасы" республикалық байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, "Ұлағатты ұстаз" төс белгісінің иегері, "Қазақстаның ең үздік әйелі" орденінің иегері Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қатысты. Шараның мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, қыз балалардың бойына қалыптастыратын адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы еліміздің болашағы, келер ұрпақтың анасы болатындай қыз бала өсіруде өнегелі тәрбие беру жолдарын дәріптеу, ой салу, пікір алмасу болды.