Күзгі демалыс кезеңі туралы хабарлама 🍂
- Дата: 25.10.2025
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
🔹Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталып, оқушылардың күзгі демалыс кезеңі 2025 жылғы 27 қазаннан 2 қараша аралығында өтетінін хабарлаймыз.
🔹Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түрлі тәрбиелік және танымдық іс-шаралар жоспарланып отыр.
Атап айтқанда:
🔹 «Демалыста кітап оқимыз» жобасы;
🔹 «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
🔹 «Мектеп театры» шығармашылық үйірмесінің жұмысы және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Осыған байланысты ата-аналарға жол-көлік жарақаттарының, тұрмыстық және киберқауіптердің алдын алу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Барлық оқушыларға көңілді әрі пайдалы демалыс тілейміз! 🌿