Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде “ Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі” аясындағы тіл мерекесіне арналған Тіл асыл қазына тақырыбында апталық өткізілді.
- Дата: 16.09.2025
Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде “ Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі” аясындағы тіл мерекесіне арналған Тіл асыл қазына тақырыбында апталық өткізілді. Тіл мерекесіне арналған апталық “Ана тілім-ардағым”, “ Ана тілім-мерейім”, “Тіл –тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз” тақырыптарында ана тілі туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ақын-жазушылардың мақалалары қамтылған 4-11 класстар аралығында буклеттер көрмесі ұйымдастырылды. “Ахмет Байтұрсынов қазақ тілтану ғылымының атасы”, “Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуын алғаш реформалаған ұлы тұлға”, “Ұлттың ұлы ұстазы” тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларына байланысты көрме ұйымдастырылды.”Тіл тірегім, соғып тұрған жүрегім “тақырыбында викториналық сұрақтар бойынша көңілді қоңырау сәттері ұйымдастырылып, оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты.