Дін және дәстүр
- Дата: 25.09.2025
Мектебімізде 25 қыркүйек күні «Дін және дәстүр» тақырыбында ата-аналарға кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа ислам діні мен ата дәстүріміздің сабақтастығын терең түсіндіру. Кездесуге республикалық ақпараттық тобының мүшесі мүшесі Разақов Нұрмұхаммед Шамшиевич, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Құрманов Айбек Болатұлы қатысып, ата-аналармен пікір алмасты. "Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет"-деген ойларымен бөлісті. Кездесу барысында қоанқтар тақырып төңірегінде ой қозғап, отбасында дәстүрді сақтай отырып тілімізді, дінімізді, тарихымызды сақтайтынымыз туралы біршама өсиеттер айтып, сауалдарға жауап берді.