Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгінгі таңда денсаулықтың басты кепілі – дұрыс тамақтану!

Мектебіміздің 7 класс оқушылары  ата-аналарға және оқушыларға арнап «Дұрыс тамақтану ережелері» тақырыбында жарнамалық постерлер дайындап,таратты.
Бұл шараның мақсаты – балаларға пайдалы тамақтану әдетін қалыптастыру, отбасында салауатты өмір салтын дәріптеу.

Постерлерде:
Күнделікті тағам құрамында болуы тиіс өнімдер,
Зиянды тағамнан бас тарту жолдары;
Судың пайдасы мен дәрумендердің маңызы түсіндірілді.

Оқушылар қызығушылықпен танысып, ата-аналар пайдалы кеңестер алды.
Дұрыс тамақтану – денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі!