Бүгін мектебімізде «Қыз тәрбиесі – қоғам ошағы» атты тақырыпта кездесу өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Әділдік және жауапкершілік” құндылығы аясында
- Дата: 12.11.2025
🔹 Шараның мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен қоғамдағы рөліне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
🔹 Кездесуге арнайы қонақ ретінде Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы – облыстық соттың кәсіби медиаторы, «Алтын алқа» иегері, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, «Патриоттық белсенділігі үшін» медалінің иегері, «Ұлағатты ұстаз» төс белгісінің иегері, «Елеулі еңбегі үшін» медалінің иегері, сондай-ақ «Қазақстанның ең үздік әйелі» орденінің иегері қатысты.
🔹 Бибігүл Әбдішүкірқызы жас қыздармен өмірлік тәжірибесін бөлісіп, нағыз тәртіпті, білімді, мейірімді азаматша болудың маңызды қасиеттері, отбасындағы қыздың рөлі және қоғамға пайдалы іс-әрекеттер жайлы ақпаратты баяндады.
🔹 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақпен еркін пікір алмасты.
Іс-шара қыз балалардың рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына, жауапкершілік пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. 🇰🇿💪
#БіртұтасТәрбие#ҚызТәрбиесі#ҚоғамОшағы#ПатриоттықТәрбие