Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін, 2025 жылдың 1 қыркүйек күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында 2025 – 2026 оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтілуде

Бүгін, 2025 жылдың 1 қыркүйек күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында 2025 – 2026 оқу жылының  алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтілуде. Мектебімізде білім күні мерекесі 1 сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында  мектеп директоры  Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сынып оқушыларына, ата-аналарға жылы лебізін арнап, ақ жол тіледі. Жаңа 2025 - 2026 оқу жылына сәттілік тілейміз.