Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін, 10 қыркүйек күні 8-9-10-11 класс қыз балаларына «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін, 10 қыркүйек күні 8-9-10-11 класс қыз балаларына «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында кездесу өтті. Қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алуы, жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны мен гигиенасы туралы АО КДЦ №7 қалалық емхана психологы Ә.К.Сатаева және мектеп медбикесі А.А.Жайықова түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мектеп директоры А.Қ.Ешмағамбетова «Тазалық – саулық негізі» мақалының мәнін түсіндіре отырып әр қыз балалардың ұқыпты болуына, жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтауына, салауатты өмір салтын ұстануына және әр қыз балалардың күн тәртібін дұрыс, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету керектігін ескертті. Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік берілді. Сонымен қатар елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге, өзге де өзекті мәселелер туралы айтылып, слайд арқылы ақпарат беріліп, бейне ролик көрсетілді.