Бракераж комиссиясы тексеру жұмысын жүргізді.
- Дата: 06.11.2025
Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның міндеттері мыналарды бақылау болып табылады:
- ас блогында, асханада жұмысты ұйымдастыру;
- тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары;
- өнімдерді сату мерзімдері;
- тағам дайындау сапасы;
- тағамның балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке тазалық ережелерін сақтауы.
🔹Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.Күнделікті мәзірдің құрамы бекітілген ыстық тамақ мәзіріне сәйкес келеді. Дайындалған өнім санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Комиссия асхана қызметкерлерінің азық-түлік және энергетикалық құндылықтың санитарлық ережелерінің талаптарын сақтағанын анықтады.