Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бала тәрбиесі – отбасынан басталады

✍️ Бүгін, 12 қараша күні «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы аясында «Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды бала тәрбиесі, олардың құқықтары мен жауапкершілігі, сонымен қатар отбасыдағы құндылықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттандыру.
🔹Жиналыс барысында педагогтар бала тұлғасының дамуы, тәрбие мен білім берудегі ата-ананың рөлі, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы сөз сөйледі. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті, туындайтын қиындықтарға қатысты сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды.
🔹Сонымен қатар, кездесу барысында балалардың әділдік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған ойындар мен топтық жаттығулар өткізілді. Жиналыс соңында ата-аналар бала тәрбиесінде бірлескен әрекеттердің маңыздылығын атап өтіп, болашақта да мұндай кездесулерді тұрақты өткізуге ниеттерін білдірді.