Бала қауіпсіздігі - басты назарда.
- Дата: 03.09.2025
Бала қауіпсіздігі - басты назарда. Жол жүру ережелерін білу және көшеде дұрыс бағдарлау жол жағдайында көп көмектеседі. Сондықтан біз ережелерді сақтауды үйренуіміз керек, жолдағы жағдайларды бағдарлауды үйренуіміз керек. Дағды бала кезінен қалыптасады. Оқушыларға қауіпсіздік сабақтарды өткізу жол қозғалысының жас қатысушыларына жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері туралы қажетті білімді сіңіруге көмектеседі, Мектебіміздің даярлық тобы, 1-2-3-4 сынып оқушыларына «Полиция және балалар» атты арнайы бояйтын кітапшалар таратылып, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.