Ағымдағы жылдың 06 қараша күні 8-9-10-11 кластың «Сымбат» қыз балаларына «Қыз әдебі – қылық пен парасат» атты тақырыпта шара өтті.
- Дата: 06.11.2025
🔹Шараның мақсаты: қыз балалардың ұлттық болмысын, инабаттылық пен сыпайылықты насихаттау, сыртқы келбет пен ішкі мәдениеттің үйлесімділігін қалыптастыру, қазақ қызының тәрбиелік бейнесін насихаттау. Шара барысында «инабаттылық», «парасаттылық» ұғымының мәні, қазіргі қоғамдағы қыз тәрбиесі, отбасындағы қыздың рөлі, қыздың жүріс-тұрысы мен сөйлеу мәдениеті жайында пікірталас жүргізілді.
🔹Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын алуы, оның себеп салдары туралы мектеп медбикесі А.Жайықова ақпараттар беріп, түсіндіру жұмысын жүргізді. «Қыз балалар арасында зорлық-зомбылық, буллингтің алдын алуы, ұрлық, бопсалау, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын алуы және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Карагулова қыз балаларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді