Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

31.10.2025

🏫Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 31 қазан күні Ілияс Есенберлин атындағы N15 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Василиева Айгүл Максимқызының жетекшілігімен “Бастауыш мектептегі зерттеу жобалары: мұғалім тәжірибесінен мысалдар” тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті. 

Шығармашылық шеберхана отырысын Ілияс Есенберлин атындағы N15 орта мектебінің директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызының алғы сөзімен ашылып,шеберханаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
📚Өткізілген шеберхана отырысы өте мазмұнды, тәжірибеге бағытталған және әдістемелік тұрғыда тиімді болды. Бастауыш сыныпта зерттеу жобаларын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері туралы зерттеу жұмыстары жүргізіліп,мысалдарымен бөлісті.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, аудиториямен жұмыс істеу дағдысы, материалды жүйелі жеткізе білуі жоғары деңгейде болды.
🔆Шеберханаға қатысушылары тың идеялар алып, өз тәжірибелеріне қолдануға мүмкіндік алды. Осындай шаралар ұстаздар арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға зор үлес қосады.

♻️Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ой бөлісіп, кәсіби шабыт алды.