30.11.2025
- Дата: 30.11.2025
✍️ Мектебімізде түрлі бағыттағы үйірмелер белсенді жұмыс істейді. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр үйірме тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен өткізіледі.
🔹 Грек-рим күресі және асық ату үйірмелерінің жетекшісі – Б.М. Сәдіров. Ол балалардың күш-қуатын арттырып, ұлттық ойын арқылы дәлдік пен ептілікті қалыптастырады.
🔹 Ұл балаларға арналған футбол және волейбол үйірмелерін – Ғ.Ә. Құлбарақ жүргізеді. Үйірмеде балалар ойын тактикасын меңгеріп, жылдамдық пен төзімділікті арттырады.
🔹 Қыз балаларға арналған футбол және волейбол үйірмелеріне – Қ.Б. Узакбаева жетекшілік етеді. Жаттығулар барысында қыздар командалық бірлікке, шапшаң қимылдауға және өзара қолдауға үйренеді.
🔹 Тоғызқұмалақ және бокс үйірмелерін – А.Қ. Кеңес жүргізеді. Тоғызқұмалақта оқушылар логикалық ойлауын дамытса, бокс үйірмесінде дұрыс қимыл техникасын меңгереді.

✍️ 2025 жылдың 26 қараша күні мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы аясында “Бастауыш класс оқушыларының сабаққа деген белсенділігін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында теориялық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – заманауи білім беру әдістерімен таныстыру, цифрлық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ білім сапасын жақсартуға бағытталған жаңа оқыту тәсілдерін мұғалімдерге ұсыну.
Іс-шара кофе-брейк форматында ұйымдастырылып, жайлы ортада қатысушылар еркін пікір алмасып, өз тәжірибелерін бөлісті. Мұғалімдер семинарға белсене қатысып, тиімді әдістерді талқылап, кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.
Семинар жоғары деңгейде өтті.
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімдері Э.О.Қойлыбаева және Р.Б.Айтжанова
