30.09.2025
- Дата: 30.09.2025
І. Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар кезекшілігі өз жұмысын жалғастыруда.
Аталған шара мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты нығайтуға, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кезекшілік барысында ата-аналар мектеп ауласында және білім беру үдерісі кезінде оқушылардың тәртіп сақтауына, қауіпсіз орта қалыптастыруына атсалысады.
Мұндай бірлескен жұмыс – жас ұрпақтың тәрбиесіне қоғам болып атсалысудың нақты көрінісі.