26.11.2025
- Дата: 26.11.2025
✍️ Көңілді қоңырау! 🔔🔔🔔
Бастауыш класс мұғалімі: Қ.А. Тәңірберген ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары үшін «Көңілді қоңырау» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білімдерін ойын арқылы бекіту, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

✍️ “Мен және менің болашағым” сабағы ✨
Бүгін 11-сынып оқушыларымен тұлғалық даму бағыты бойынша әсерлі де мазмұнды сабақ өткізілді. Сабақ барысында әрбір оқушы өз болашағына терең үңіліп, армандарын, мақсаттарын және өмір жолындағы маңызды қадамдарын қағаз бетіне түсірді.
💫 Бұл жұмыс жас түлектердің өз бағыттарын айқындап, алдағы үлкен өмірге сеніммен қадам басуына ықпал етті. Әр салынған сурет — олардың жүрегіндегі асқақ арманның, жарқын болашаққа деген нық сенімнің көрінісі.
Ең маңыздысы — өз болашағын бүгіннен бастаудың құндылығын сезіну.
📌 11-сынып — жарқын болашақ жолында алға!
✨ Мектептегі психологиялық қызмет ✨
