26.09.2025
- Дата: 26.09.2025
Бүгін, 26 қыркүйек күні, бастауыш класс оқушыларына «Жол жүру қауіпсіздігі» қағидаларын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік сабақтары» жүргізілді. Қауіпсіздік сабағына Ақтөбе қаласы ПБ ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.М.Сабыржан, Р.Ж.Елеуов қатысып жолда жүру ережелері мен белгілерінің түрелерін, атқаратын қызметін, ережесін түсіндірді. Оқушыларды тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүру және жол жағдайында қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертті.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Бастауыш класс оқушылары сабақ барысында «Полиция және балалар» атты арнайы кітапшаларын бояп, сұрақтарға жауап берді.