Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

25.11.2025

✍️ Мектебімізде әр дүйсенбі өтетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» – оқушылардың тәртібі мен мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Бұл жиында мектеп формасы, тазалық, сабаққа қатысу сияқты талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.
🔹 Белсенділік танытып, тәртібімен және үлгілі мінезімен ерекшеленген оқушылар аптаның қорытындысында марапатталып, өзгелерге үлгі ретінде таныстырылады.
🔹 «Әдеп сызығы» — оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ынтасын көтеруге ықпал ететін жақсы дәстүр.


ық жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды шара болып табылады.
🔹 Апталықтың негізгі мақсаты — оқушылардың оқу мотивациясын нығайту, пәндік білімдерін тереңдету, оқу дағдыларын жетілдіру және тұлғалық әлеуетін дамытуға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
🔹 Салтанатты ашылу барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, оқушылар өз өнерлерін паш етті. Әсерлі концерттік кеш көрермендердің көңілінен шығып, апталықтың басталуына ерекше рух пен серпін берді.


✍️ 4-сыныптар арасында «Алғырлар алаңы» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс барысында «Сиқырлы суреттер», «Кім тапқыр», «Әріпті қолғап», «Х пен О» бөлімдері бойынша оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

🔹Оқушылар жасанды интеллектті қолдану арқылы пәндік-логикалық сұрақтарға топпен жауап беріп, ерекше белсенділік көрсетті. 

🔹Әр топ өз қызығушылықтары мен қабілеттерін танытып, нәтижесінде белсенді топтар бағаланып, сыйлықтар ұсынылды.
Сайыс соңында оқушылар өз әсерлері мен қызығушылықтары жайлы кері байланыс берді.


✍️ Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні сағат 11:00-де Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Адам құқықтарын қорғаудың бірыңғай сабағы» атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларына сабақ өткізді. 

🔹Сабақ барысында оқушылар заңды білудің және оны сақтаудың маңыздылығы туралы талқылап, өмірлік мысалдар арқылы өз құқықтарын қорғаудың жолдарын қарастырды.


✍️ “Ahash Media” студиясының ұйымдастыруымен өткен
“Жас Дарын – 2025” республикалық байқауына қатысқаны үшін
«Ақ желген» аула клубының Өмірзақова Мәдина Асланбекқызы жетекшілік ететін І.Есенберлин атындағы №15 орта мектебіміздің білім алушылары жүлделі орындарды иеленді.

🏆 БАС ЖҮЛДЕ – ГРАН-ПРИ
Хор “Туған ел”
Жеңімпаздар:
🔹Шуиншалин Бекарыс
🔹Бауыржанова Жайнагүл
🔹Асан Саяна
🔹Амангелдиева Мадина
🔹Нұржанова Амира

🏅 1-дәрежелі диплом
“Ақ құс” әні
Жеңімпаз:
🔹Шанжарханова Сабина

🏅 1-дәрежелі диплом
“Туған жер” әні
Жеңімпаз:
🔹Шанжарханова Алина

🥈 2-дәрежелі диплом
“Байқоңырым” әні
Жеңімпаз:
🔹Өтеген Абылай

🥈 2-дәрежелі диплом
“Отан” әні
Жеңімпаз:
🔹Бекбулат Инабат