Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

24.11.2025

Саламатсыз ба?
✍️ «Заң және тәртіп» тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті.
Ілияс Есенберлин атындағы №15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 20 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–9–10–11 сынып білім алушыларына арналған «Заң және тәртіп» атты тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы №3 ҚПБ полиция лейтенанты Н. Бақыт, №3 ҚПБ мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Л. Бисекенова және құқық қорғау органында қызмет еткен ардагер, мектебіміздің «Әкелер» клубының мүшесі, ата-ана Серік Мырзағұлұлы арнайы шақырылды.
🔹Спикерлер жасөспірімдерге құқықтық мәдениеттің маңызы, заңды құрметтеу, жауапкершілік және құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Білім алушылар құқықтық сауаттылық, интернеттегі қауіпсіздік, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.
🔹Мектеп әкімшілігі кездесудің білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал еткенін атап өтті.
#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #ҰлттықТәрбие #ІлиясЕсенберлинМектебі #АқтөбеҚаласы #ӘкелерКлубы
👆🏻Новость 2

20.11.2025
✍️ 2025 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің бейіндік сынып оқушыларымен бірлесе отырып, “ADISA” шаштараз мекемесінде тәжірибелі ұстаз, арнайы пән оқытушысы Т. А. Жамекованың жетекшілігімен “Дублер күнін” өткізді.
🔹Шараның мақсаты – оқушыларға шаштараз мамандығын таныстыру, халыққа қызмет көрсетудің түрлерін үйрету.
Колледждің практикадағы студенттері мектебіміздің білім алушыларымен тәжірибе алмасып, кәсіби бағыт-бағдар берді.
#АқтөбеӨТК #ДублерКүні #КәсіптікБілім #ADISA #ШаштаразМамандығы #БейіндікСынып #ІсТәжірибе #КәсіпкеБағдар
👆🏻Новость 3


20.11.2025
✍️ 20 қараша күні мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында «Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында біріңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды.

🔹Қазіргі қоғамда қауіпсіздік — жай ғана сөз емес, ең маңызды құндылықтардың бірі. Ал оны қамтамасыз ету адамдардың бірлесе әрекет етуімен тікелей байланысты. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтарды қорғаумен айналысады, алайда бұл ісінде жасөспірімдердің де рөлі зор.
Мектеп оқушылары мен полиция бірлесіп жұмыс істеп, өзара сенім білдіріп, ортақ мақсатты терең түсінгенде, мектептердегі, көшелердегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай арта түседі.

🔹Полиция қызметінің маңызды бөлігі — құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы мақсатта құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектептерде оқушылармен кездесулер өткізіп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіреді, қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сондай-ақ цифрлық ортада өзін қалай қорғау қажеттігін үйретеді. 

🔹Мұндай шаралар қазіргі қауіп-қатерлерді дұрыс түсінуге көмектесіп, балалардың сенімділігін арттырады.

#ҚауіпсізМектеп#ПолицияЖәнеБалалар#ҚауіпсіздікҮшінБірге#Мазмұндама#ТәртіпЖәнеҚауіпсіздік
#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу#БірлесеІсҚимыл
#ЦифрлықҚауіпсіздік#МектепІсШарасы
Новость 4
20.11.2025
👆🏻Текст
Новость 1

21.11.2025
✍️ 1-сынып ата-аналарымен пайдалы да мағыналы шебер-сынып өтті.
«Қазақ тіліне тән дыбыстардың бұзылысын түзету ерекшеліктері»
тақырыбында балалардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру жолдарын талқылап, тәжірибе жүзінде орындап көрді.

🔹Сонымен қатар «Ата-ананың арманындағы бала қандай?» атты психологиялық тренинг – бәрімізді бір сәт ойланып, бала жүрегіне тағы бір қадам жақындата түсті.

🔹Әр ата-ана өз арманының бейнесін көрді…
Және сол арманның дәл қазір қасында өсіп келе жатқанын сезінді.

🔹Бала – керемет, нәзік әлем. Оның дұрыс сөйлеуі, сенімділігі, эмоционалды тыныштығы – ата-ана мен маманның бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Барлық қатысқан ата-аналарға белсенділіктері үшін алғыс! 🤍

#логопедшеберсынып #балатіліндамыту #атаанақолдауы#логопедическийкабинет
👆🏻Новость 2


21.11.2025
✍️ Мектебімізде түрлі бағыттағы үйірмелер белсенді түрде жұмыс істейді.
Атап айтқанда: футбол (ұлдар, қыздар), волейбол (ұлдар, қыздар), грек-рим күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, бокс үйірмелері.
🔹 Грек-рим күресі және асық ату үйірмелерінің жетекшісі – Б.М. Сәдіров
🔹 Ұлдарға арналған футбол және волейбол үйірмелерінің жетекшісі – Ғ.Ә. Құлбарақ
🔹 Қыздарға арналған футбол және волейбол үйірмелерінің жетекшісі – Қ.Б. Узакбаева
🔹 Тоғызқұмалақ және бокс үйірмелерінің жетекшісі – А.Қ. Кеңес
👆🏻Новость 1


22.11.2025
🍂 Қараша – Әділдік және жауапкершілік айы ⚖️

🏫 Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған апта дәйексөздері.

@oqu_agartu_ministrligi 
@birtutas_tarbie2024 
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18 
@abishevtoleu 
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат 
#адал_азамат_ақтөбеоблысы 
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие


 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏🏻👏🏻👏🏻

  


✍️ 20 қараша күні 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Шекара мен қолдау: жасөспірімге өмірлік сынақтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады?» тақырыбында жинақы-түсіндіру семинар-тренингі өткізілді. Шара барысында ата-аналарға жасөспірімнің жеке шекарасы, оны бұзудың салдары, тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, киберқауіпсіздік қаупі, буллинг пен абьюз белгілерін тану жолдары туралы түсінік берілді. Сондай-ақ күрделі жағдайлардың алдын алу, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және ашық диалог құру тәсілдері талқыланды.

🔹Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағында «Қауіпті жағдайды қалай танимыз?», «Көмек сұрау алгоритмі», «Ата-ана қолдауының 5 қадамы» секілді практикалық бөлімдер ұйымдастырылып, нақты мысалдар бойынша жұмыс жүргізілді. Іс-шара ата-аналардың белсенді қатысуымен өтті.
Ұйымдастырушылар: 10–11 сыныптың сынып жетекшілері.


✍️ 21 қараша күні «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына түсіндіру семинары өтті.

🔹Мақсаты: Оқушыларға жеке қауіпсіздік, зорлық-зомбылық және қорғану жолдары туралы түсінік беру, қауіпті жағдайды тану, одан шығу және көмек сұрау дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында жедел қызмет нөмірлері мен «111 – Балалар сенім телефонының» жұмысы таныстырылды. Төтенше жағдайда қайда және қалай хабарласу керектігі түсіндірілді.

🔹Ата-аналарға балалардың жеке шекараларын құрметтеу және сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сондай-ақ мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы ғана зорлық-зомбылықтың алдын алуға ықпал ететіні түсіндірілді.
Жиналыс соңында сұрақ-жауап өткізіліп, ата-аналар өз ұсыныстарын айтты.
Ұйымдастырушылар: 5–9 сыныптың сынып жетекшілері.


✍️ 1 қараша күні 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында түсіндіру семинары өтті.

🔹Мақсаты: Оқушыларға жеке қауіпсіздік, зорлық-зомбылық және қорғану жолдары туралы түсінік беру, қауіпті жағдайды тану, одан шығу және көмек сұрау дағдыларын қалыптастыру.

🔹Семинар барысында баланың жеке шекаралары және оны бұзатын жағдайлар туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға «Менің денем – менікі» қағидасының мәні түсіндіріліп, кіші жастағы балалардың жеке шекарасын қалыптастыру жолдары көрсетілді.

🔹Зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық, кибербуллинг) туралы түсіндірме жүргізілді. Ерте жастағы балаларды қорғаудың негізгі белгілері мен алдын алу шаралары талданды.

Ұйымдастырушылар: 1–4 сыныптың сынып жетекшілері.


✍️ 21 қараша күні кезекті сынып жетекшілерінің отырысы өтті.
Іс-шара «Әділдік пен жауапкершілік» айы аясында ұйымдастырылды.
Отырыс тақырыбы: «Оқушыларды жақсы тәлім-тәрбие мен инабаттылыққа тәрбиелеу».

🔹Күн тәртібі:
1. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысы;
2. Сыныптардағы қыз балалар мен ұл балалармен жұмысты жандандыру;
3. 1–5 сыныптардың жағдайы мен жұмысын бақылау;
4. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мәселелерін қарастыру.


✍️ Біртұтас тәрбие бағдарламасы "Адал азамат" аясында мектебімізде күнделікті үзіліс кезінде "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" тақырыбында  оқушылармен қол күрес, арқан тартыс  ойындары жүргізіледі. 

Жетекшісі: Ғ.Ә.  Құлбарақ

видео


✍️ «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллинг пен зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, басқа адамдарға құрметпен қарау және сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

🔹Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері туралы қысқаша ақпарат беріліп, оның зардаптары мен буллингтен қорғану әдістері түсіндірілді. Интернеттегі қауіпсіздік ережелері ескертіліп, бейтаныс адамдармен хат алмасуға болмайтыны, жеке мәліметтерді жарияламау керектігі айтылды.

🔹Сонымен қатар оқушыларға жағдайлық тапсырмалар беріліп, олардың пікірлері тыңдалды.
🔹11 «Ә» сыныбының жетекшісі: Г. Есетова 


✍️ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҰСЫНЫСТАРЫ

📚 Инклюзивті білім беру – ата-ана мен мектептің бірлескен әрекеті. Ата-ана – осы үдерістің маңызды қатысушысы.
1️⃣ Баланың ерекшеліктерін қабылдаңыз
✔ Басқа балалармен салыстырмаңыз
✔ Күшті жақтарына назар аударыңыз
✔ Өзін-өзі басқаруға үйретіңіз
2️⃣ Білім беру ұйымымен тығыз байланыста болыңыз
✔ Мұғалімдермен үнемі байланыста болыңыз
✔ ПМПК ұсынымдарын пайдаланыңыз
✔ Мектеп өміріне белсенді қатысыңыз
✔ Сұрақ қоюдан қорықпаңыз
3️⃣ Үйде қолайлы жағдай жасаңыз
✔ Оқуға ыңғайлы орын ұйымдастырыңыз
✔ Тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды дамытыңыз
✔ Ойын мен шығармашылықты қолданыңыз
✔ Эмоциялық күйін бақылаңыз
4️⃣ Коммуникативтік дағдыларын дамытыңыз
✔ Құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға көмектесіңіз
✔ Қарым-қатынас ережелерін үйретіңіз
✔ Өз үлгіңізбен көрсетіңіз
5️⃣ Эмоциялық жағдайын қолдаңыз
✔ Баламен сезімдері туралы сөйлесіңіз
✔ Қателіктер үшін жазғырмаңыз – балама жолдарын ұсыныңыз
✔ Үйде жайлы психологиялық атмосфера қалыптастырыңыз
💬 Қорытынды:
Ата-ана – ерекше баланың қоғамға бейімделуінің негізгі тірегі. Сіздің қолдауыңыз бен педагогтармен ынтымақтастығыңыз баланың табысты дамуы мен оқуына жол ашады. Ең бастысы – балаңызды жеке тұлға ретінде қабылдап, оның мүмкіндігіне сеніп, қабілетін ашуға көмектесу.