21.11.2025
- Дата: 21.11.2025
Ақтөбе қаласы «Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Мекеме атауы: «Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Гоголь көшесі 12
Эл.поштасы: esenberlin15@yandex.kz
Телефон нөмірі: 8 (7132) 45-81-95, 8 747 184 21 93
Негізгі функционалдық міндеттері:
2.1 ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 2-тарау, 13-параграф, 88 тармақ Педагог-кәсіби бағдар берушіге қойылған талаптарына сүйене отырып:
Еңбекке ақы төлеу мөлшері:
Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:
Педагог- Кәсіби бағдар беруші – 1 бірлік ( бос орын) лауазымына
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
1) Барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талап:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.11.-01.12.2025 ж.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрінде жолдай алады. (педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі базасындағы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде https://hr-nobd.edu.kz/)
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

✍️ 1-сынып ата-аналарымен пайдалы да мағыналы шебер-сынып өтті.
«Қазақ тіліне тән дыбыстардың бұзылысын түзету ерекшеліктері»
тақырыбында балалардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру жолдарын талқылап, тәжірибе жүзінде орындап көрді.
🔹Сонымен қатар «Ата-ананың арманындағы бала қандай?» атты психологиялық тренинг – бәрімізді бір сәт ойланып, бала жүрегіне тағы бір қадам жақындата түсті.
🔹Әр ата-ана өз арманының бейнесін көрді…
Және сол арманның дәл қазір қасында өсіп келе жатқанын сезінді.
🔹Бала – керемет, нәзік әлем. Оның дұрыс сөйлеуі, сенімділігі, эмоционалды тыныштығы – ата-ана мен маманның бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Барлық қатысқан ата-аналарға белсенділіктері үшін алғыс! 🤍
