Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

2025 жылдың 9 қазан күні мектебімізде 2-11 сынып аралығында кітап тексерісі өтті.

🔹 Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітапты ұқыпты әрі таза ұстауға тәрбиелеу, оларда жауапкершілік пен кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Іс-шараға Қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.С. Джамангарина мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н. Карагулова, кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева және мектеп психологтары қатысты.

📚 Тексеру барысында оқушылардың оқулықтарды қаншалықты күтіп ұстайтынына назар аударылып, мұқабасы сақталған, жыртылмаған, жазулары жоқ таза кітаптар жоғары бағаланды. Бұл тексеріс оқушылардың кітапқа деген ұқыптылығын арттырып, білімге деген жауапкершіліктерін одан әрі нығайтты.