✍️ 2025 жылдың 21 қазан күні мектебімізде сынып жетекшілер арасында жоспарлы жиналыс өткізілді.
- Дата: 22.10.2025
🔹Жиналысқа мектеп директоры А.Қ.Ешмағамбетова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н. Карагулова және барлық сынып жетекшілері қатысты.
🔹Кездесу барысында бірінші тоқсанның қорытындылары талқыланып, оқушылардың үлгерімі мен тәртібі жайлы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, ата-аналармен жұмыс, оқушылардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуы, “құқық бұзушылықтың алдын алу, ер балалар мен қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу” қауіпсіздік шаралары және мектепішілік ережелердің орындалуы сияқты маңызды мәселелер қарастырылды.
🔹Жиналыс соңында әр сынып жетекшісіне келесі айға арналған міндеттер таныстырылды.
Жиналыс нәтижелі өтті, және алдағы жұмыстардың нақты бағыттары айқындалды.