Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

20.11.2025

✍️Бүгінгі күнді барлығымызға шабыт сыйлайтын, әр оқушының жүрегіне жылу ұялататын құрметті ұстаздарымызға арнадық. 
❤️ Ұстаз – шәкірттің жолын жарық қылатын шамшырақ.
Акция барысында оқушылар өз мұғалімдеріне алғыс айтып, жылы тілектерін жеткізіп, достық пен құрметтің маңызын тағы да сезінді.
🤝 «ДосБолайық» акциясы – мейірімділік пен сыйластықты насихаттап, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жүрекжарды шара.
🔹Құрметті ұстаздар!
Сіздердің еңбектеріңіз – ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Сабырларыңызға, мейірімдеріңізге және әр күніңізді шәкірт тәрбиесіне арнаған жанкешті еңбектеріңізге мың алғыс!
🔹Біз сіздерді бағалаймыз, құрметтейміз және әрдайым қолдау білдіреміз!


✍️ «Заң және тәртіп» тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті.
Ілияс Есенберлин атындағы №15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 20 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–9–10–11 сынып білім алушыларына арналған «Заң және тәртіп» атты тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы №3 ҚПБ полиция лейтенанты Н. Бақыт, №3 ҚПБ мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Л. Бисекенова және құқық қорғау органында қызмет еткен ардагер, мектебіміздің «Әкелер» клубының мүшесі, ата-ана Серік Мырзағұлұлы арнайы шақырылды.
🔹Спикерлер жасөспірімдерге құқықтық мәдениеттің маңызы, заңды құрметтеу, жауапкершілік және құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Білім алушылар құқықтық сауаттылық, интернеттегі қауіпсіздік, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.
🔹Мектеп әкімшілігі кездесудің білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал еткенін атап өтті.


✍️ 2025 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінің бейіндік сынып оқушыларымен бірлесе отырып, “ADISA” шаштараз мекемесінде тәжірибелі ұстаз, арнайы пән оқытушысы Т. А. Жамекованың жетекшілігімен “Дублер күнін” өткізді.
🔹Шараның мақсаты – оқушыларға шаштараз мамандығын таныстыру, халыққа қызмет көрсетудің түрлерін үйрету.


✍️ 20 қараша күні мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында «Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында біріңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды.

🔹Қазіргі қоғамда қауіпсіздік — жай ғана сөз емес, ең маңызды құндылықтардың бірі. Ал оны қамтамасыз ету адамдардың бірлесе әрекет етуімен тікелей байланысты. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтарды қорғаумен айналысады, алайда бұл ісінде жасөспірімдердің де рөлі зор.
Мектеп оқушылары мен полиция бірлесіп жұмыс істеп, өзара сенім білдіріп, ортақ мақсатты терең түсінгенде, мектептердегі, көшелердегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай арта түседі.

🔹Полиция қызметінің маңызды бөлігі — құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы мақсатта құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектептерде оқушылармен кездесулер өткізіп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіреді, қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сондай-ақ цифрлық ортада өзін қалай қорғау қажеттігін үйретеді. 

🔹Мұндай шаралар қазіргі қауіп-қатерлерді дұрыс түсінуге көмектесіп, балалардың сенімділігін арттырады.