19.11.2025
- Дата: 19.11.2025
✍️ 9 «Б» сыныбында «Ынтымақтастық атмосферасы» тақырыбында тренинг өтті.
🔹Бүгінгі тренинг барысында оқушылар өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған түрлі жаттығулар орындады. Тренинг өте белсенді әрі жылы атмосферада өтті. Оқушылар өзара түсіністік, сыйластық пен қолдаудың маңызын түсінді. Сыныпта ынтымақтастық күшейіп, қарым-қатынас мәдениеті тағы бір деңгейге көтерілді.
🔹Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды эмоциялар сыйлап, бір-бірін тыңдаудың және қолдаудың қаншалықты маңызды екенін ұғынды. Осындай тренингтер оқушылар арасындағы сыйластықты нығайтып қана қоймай, сыныпішілік бірлікті арттыруға да үлкен үлес қосады.
Бір-біріне сенім артып, құрметпен қарайтын орта — ең мықты ұжымның негізі 🥰
✨Мектептегі психологиялық қызмет✨

✍️ Адалдық — адамгершіліктің басты негіздерінің бірі, адамның ішкі әлемінің тазалығы мен шыншылдығын көрсететін қасиет.
🔹“Адалдық — адамдықтың басты белгісі” тақырыбында 8 «Б» сыныбында адалдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында адалдық — адамның жүрегінің тазалығы мен қоғамға деген жауапкершілігі екенін атап өтіп, оқушылар адалдық туралы өз ойларымен бөлісті.
🔹Сонымен бірге адалдық туралы бейнефильм тамашаланып, ол талданды. Іс-шара «Адал болу — бұл қиын, бірақ ең дұрыс жол. Егер әрқайсымыз адал болсақ, әлемді жақсартуға өз үлесімізді қосар едік» деген тұжырыммен қорытындыланды.
🔹Өткізген: сынып жетекшісі Қанаева Бақытгүл Еркиновна, тарих пәнінің мұғалімі.

✍️ Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3 «Ә» сыныбында «Шұғыл қызмет нөмірлері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.
🔹Сабақтың мақсаты – балаларға күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларды үйрету, жеке басын қорғау және айналасындағыларға саналы, жауапты көзқарас қалыптастыру.
🔹Өмірде туындауы мүмкін қауіптің алдын алу, болдырмау және қажет жағдайда дұрыс әрекет етуге көмектесетін қауіпсіздік ережелерінің маңызы түсіндіріліп, қажетті ақпараттар берілді.
🔹Сынып жетекшісі: Куанышбекова Нургул Нурлановна

✍️ Қауіпсіздік — әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

✍️ Бүгін, 19 қараша күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектебіміздің ер мұғалімдері түнгі рейдтік шараға қатысты.
Рейд барысында оқушылардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруін бақылау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және профилактикалық кеңес беру шаралары ұйымдастырылды.
