18.11.2025
- Дата: 18.11.2025
✍️ Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссиясының ұйымдастыруымен мектебімізде 8-9-10-11 кластың қыз балаларына «Отбасылық құндылықтарды насихаттау, репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктілік пен жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша оқушылардың хабардарлығын арттырып, дұрыс ақпарат пен дағдыларды қалыптастыру арқылы жасөспірімдердің денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Түсіндіру жұмысын «DAUA» интегративті медицина клиникасының маманы Хатова Айнұр Кайырленқызы жүргізді. Қыз балалар қатысты құнды ақпараттар берілді.

2025 жылдың 17 қараша күні 7 «Б» сыныбында «Адалдық ар-намыс пен адамгершілік жолы» тақырыбында адалдық сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, өмірде адал болуға баулу болды. Сабақ барысында оқушылар адалдық туралы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, өмірден мысалдар келтірді. Сонымен қатар, оқушылар постер жасап, оны қорғады. Сабақ соңында адал болудың қоғам мен жеке адамның өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасалды. Сынып жетекші, «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Халидолла Асел Куспангалиевна. #АдалдықСағаты #АдалҰрпақ #АрНамыс #АдамгершілікҚасиеттер #Шыншылдық #Әділдік #ТәрбиеСабағы

✍️ Дос болайық!
Мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Дос болайық» жобасы аясында 9Б класында сынып сағаты өтті.
Оқушылар достықтың маңыздылығы, бір-біріне қолдау көрсету мен сыйластық туралы әңгімелесті.
Шара барысында балалар достыққа қатысты жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Мақсат — оқушылар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, бір-біріне құрмет пен сенімділікті арттыру.
Достық — өмірдің ең қымбат байлығы!
Бірлік пен мейірімге толы ортада өсіп келе жатқан балаларымызға қуаныш пен табыс тілейміз!
Сынып жетекші Зардыхан Мугалима.#ДосБолайық #ДостықЖобасы #9БКласы #СыныпСағаты #ДостықҚұндылықтары #Бірлік #Сыйластық #Мейірім#біртұтастәрбиебағдарламасы#Біртұтас_тәрбие#Адал_ұрпақ

✍️ Мектебімізде әр дүйсенбі сайын өтетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» — оқушылардың тәртіп пен мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара.
Бұл жиында оқушылардың мектеп формасын дұрыс киюіне, тазалық сақтауына, сабаққа қатысу белсенділігіне айрықша мән беріледі.
🔹 «Әдеп сызығы» барысында ұйымдастырылатын түрлі байқаулар мен шараларға белсене араласқан, тәртібімен және үлгілі мінезімен көзге түскен оқушылар аптаның қорытындысында марапатталып, өзге оқушыларға үлгі ретінде таныстырылады.
Апта бойы жақсы нәтиже көрсеткен, тәртібімен ерекшеленген оқушыларға арнайы алғыс білдіріледі.
🔹 Бұл — оқушылардың жауапкершілігін күшейтіп, ынтасын арттыруға бағытталған жақсы дәстүр.

✍️ Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Әже даналығы» ұрпақтарды ұлттық тәрбиемен сусындататын рухани орда. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеясына сәйкес, бұл бастама өскелең ұрпақты адамгершілік пен отансүйгіштікке баулудағы басты құрал болып табылады. Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды насихаттауда “Дәстүрімнің бал қаймағы-әжелер” атты тақырыпта біртұтас тәрбие аясында әжелердің қатысуымен сынып сағаттары өтті. Әжелеріміз шара барысында оқушыларға адамгершілік қасиеттер туралы ақыл-кеңестерін берді. Оқушыларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықты сіңіруге қосқан үлестері үшін ата-әжелерімізге алғысымызды білдіреміз!
Өткізген: 6Б сыныбының жетекшісі Есмұратова Гүлмайра, 8Ә сыныбының жетекшісі Алтыбаева Бақытгүл.

✍️ Мектебімізде 17 қараша күні, Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Ұлағат» әкелер клубының қатысуымен 7Ә сыныбында «Әке тәрбиесінің маңызы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
-бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкесінің рөлінің мәнін ұғындыру;
-оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
-бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру;
-мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланысты жүйелі жолға қою.
Тәрбие сағатында отбасындағы әкенің орнының маңызы туралы әкелер ой бөлісті. Оқушылар тәрбие сағатынан үлкен әсер алды. Сынып жетекшісі: Сержанова Гүлбақыт Қоблановна.

✍️ «Даналық мектебі» клубы аясында «Ата өсиеті» ұрпақтарды ұлттық тәрбиемен сусындататын рухани орда болып табылады. Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды насихаттауда «Баталы елге – бақ қонар» атты тақырыпта біртұтас тәрбие аясында аталардың қатысуымен сынып сағаты өтті. Шараға Жұбатырова Арайлым Әділбекқызының атасы Жұбатыров Қайрат Тұғашұлы қатысып, оқушыларға адамгершілік қасиеттер туралы ақыл-кеңестерін берді. Оқушыларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды сіңіруге қосқан үлесі үшін аталарымызға алғысымызды білдіреміз!
🔹Өткізген: 2Б сыныбының жетекшісі Нұрқасынова Сауле Мырзагүлқызы

✍️ Мектебімізде 17 қараша күні «Мен және кітап» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оларды кітапты ұқыпты ұстап, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға 2 «Ә» сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
🔹Оқушылардың әрбір жұмысы кітаптың құндылығын дәріптеуге бағытталды.

✍️ Бүгін мектебімізде PISA-2025 халықаралық зерттеуіне арналған сынама тестілеу өткізілді.
Негізгі бағыттары:
🔹 Оқу сауаттылығы
🔹 Математикалық сауаттылық
🔹 Жаратылыстану сауаттылығы
Бұл зерттеу 15–16 жастағы оқушылардың аталған бағыттар бойынша функционалдық сауаттылық деңгейін анықтап, оны халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
🔹 Тестілеу білім сапасын арттыруға бағытталған болашақ шешімдерді қабылдауға негіз болып, оқу үдерісін жетілдіруге, оқушылардың ойлау қабілеті мен өмірлік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
🔹 Аралық тестілеудің нәтижелері білім беру ұйымының стратегиялық даму жоспарларын нақтылауға, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып оқыту сапасын жақсартуға жағдай жасайды.
