Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

09.12.2025

✍️ Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Қамқор» жобасы аясында және «Тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» атты халықаралық науқан бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебіміздің «Мейірім» еріктілер клубының мүшелері мен ұстаздары «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Бұл игі шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және қоғамда мейірім мен жанашырлықтың маңызын арттыру.

  


✍️ Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы

🔹2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.

⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.

         


✍️ Мектебімізде 08.12–12.12.2025 ж. аралығында ағылшын және орыс тілдері апталығы өтеді. Осыған орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері таңертең ұстаздар мен оқушыларды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. 

🔹Бұл апта — ағылшын және орыс тілдерінің маңызын арттыруға, оқушылардың қызығушылығын көтеруге және мұғалімдер арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуға арналған үлкен алаң.

Алдағы күндері бізді мазмұнды ашық сабақтар, теориялық семинарлар, интеллектуалды ойындар және шығармашылық жұмыстар күтеді. 

🔹Бұл іс-шаралар оқушылардың білімін дамытып, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Апталықтың ашылуын ресми түрде жариялай отырып, баршаңызға табысты жұмыс пен жемісті бастама тілейміз!


✍️ Ағылшын тілі апталығы жоспарына сай 10 және 11-сынып оқушылары арасында “With English, the world becomes smaller and dreams become bigger” тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.

🔹Мақсаты — оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тілінен алған білімдерін ортаға салу.

🔹Интеллектуалды ойынға оқушылар белсенді қатысып, түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ойын қызықты өтті және танымдық ақпараттарға толы болды.


✍️ Кибербуллинг — бұл интернетте, әлеуметтік желілерде немесе хабарлама арқылы біреуді мазақтау, қорлау, қудалау немесе жағымсыз ақпарат тарату.
Онлайн кеңістіктегі әрбір сөзіміз басқа біреудің көңіліне, психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін. Сондықтан желіде мәдениеттілік пен жауапкершілік таныту — әрқайсымыздың міндетіміз.