Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

05.12.2025

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған “Әкем, анам және мен” атты отбасылық сайыс ✨
Бүгін мектебімізде 2–3 сыныптар арасында ұйымшылдықты, бірлікті және отбасылық құндылықтарды дәріптейтін тамаша шара өтті. Әр отбасы өз өнерін, білімін, шапшаңдығын көрсетіп, игі мерекенің мәртебесін көтерді. 🇰🇿💛

🔹Ұйымдастырған: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері — Құлбарақ Ғали Әлібиұлы мен Узакбаева Карлыгаш Балтабаевна . 👏👏👏

Жеңімпаздар:
🏆 Бас жүлде – 3 "Ә" сыныбы, “Адал қадам”
🥇 1-орын – 3 "А" сыныбы, “Қыран”
🥈 2-орын – 2 "Б" сыныбы, “Асыл мұра”
🥉 3-орын – 2 "Ә" сыныбы, “Арлан”
🥉 3-орын – 2 "А" сыныбы, “Бірлік”

🔹Бұл сайыс балаларға ерекше көңіл күй сыйлап қана қоймай, әр отбасының татулығын, ұйымшылдығын тағы бір дәлелдеді. Керемет эмоциялар, жарқын сәттер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі күн болды! 🎉💫

Барлық қатысушыларға үлкен рақмет!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 🇰🇿💙

        


Бүгін мектебімізде Ауғанстан соғысының ардагерлері, өз ерліктерімен елге үлгі болған Иманкулов Амангелді және Нысанбаев Айқожа арнайы қонақ ретінде келіп, оқушыларға соғыс жылдарындағы өмірі мен қиындықтары, Отан алдындағы борышын қалай орындағаны туралы әңгімелеп, жас ұрпаққа патриотизм мен отансүйгіштік сезімін ұялатты.

  


 5 желтоқсан күні мектебімізге Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)-ның маманы Мамбетниязов Жумабек Карагулович келіп, бітіруші сынып оқушыларымен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында ол ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың өзекті талаптары, тест тапсыру ережелері, өзгерістер мен жаңалықтар туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.