04.12.2025
- Дата: 04.12.2025
✍️ Бүгін, 04 желтоқсан күні 10–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлттық Ұлан академиясы №6655 әскери бөлімінің кадр бөлімшесінің аға маманы Жаксылыков Асылжан Талғатовичтің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
🔹Кездесу барысында оқушыларға әскери қызмет, оқу мүмкіндіктері және Ұлттық Ұлан академиясында білім алудың артықшылықтары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

🎉 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

✍️ Бүгін 4 желтоқсан күні мектебімізде «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында 3Ә сыныбында «Ас – адамның арқауы» тақырыбында пайдалы тағамдар туралы таныстырылым сабағы өтті.
🔹 Сабақ барысында оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен әдебі түсіндіріліп, пайдалы және пайдасыз тағам түрлері туралы кеңінен мәлімет берілді.
🔹 Сонымен қатар оқушылар дастархан басында сақталатын рәсімдер, ұлттық ырым-тыйымдар, тамақтану мәдениеті және үлкенді құрметтеу дәстүрімен танысты.
Класс жетекші: Н.Қуанышбекова

✍️ 04 желтоқсан күні мектебімізде Балалар кітапханасы жобасы аясында “Сыбаға” ұлттық дәстүрлер фестиваліне орай «Салт пен сана» атты көрме өткізілді.
🔹Көрменің мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды кеңінен таныстыру, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуға ықпал ету.
Іс-шараны ұйымдастырғандар:
📚 Кітапхана меңгерушісі — Нұрғалиева Гүлжахан Амангелдіқызы
🔹Сынып жетекшісі — Р. Айтжанова
