Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

03.12.2025

✍️ Бүгін 3 желтоқсан күні Оқу-ағарту министрлігінің қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмасы аясында, 10,11 сынып білім алушылары «Каржы сақшысы» ойынын ойнап, өз қаржылық сауаттарын жетілдірді. Балалар ойынды ойнау арқылы ақшаны дұрыс пайдалану, жинақтау және шығындарын бақылау сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.


✍️ 3 желтоқсан күні мектебімізде Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Б. Күзембаева бекіткен Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таңертеңгілік күтіп алу алгоритмі аясында мектеп әкімшілігінің қатысуымен кезекті жұмыс отырысы өткізілді.

Алгоритм ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.03.2023 ж. №61 бұйрығына, 2024 жылғы 28 тамыздағы №227, 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрықтарына негізделе отырып ұйымдастырылды.

🔹 Сонымен қатар мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова, Қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.С. Джамангарина, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н. Карагулова, кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева барлық сыныптарда рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізді.

🔹 Жиналыс барысында мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер жөнінде ақпарат беріп, оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуы үшін атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Сабақ басталған уақыттан бастап оқушыларды бақылауда ұстауда кезекші мұғалімдердің және апта сайын жүзеге асатын ата-аналар кезекшілігінің маңыздылығы атап өтілді.

🔹 Сонымен қатар бұрын да құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірнеше іс-шаралар жүргізілгені, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, тыйым салынған заттарды мектепке әкелмеу талаптарының тұрақты бақылауда екені айтылды.
🔹 Жиын соңында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.


🎉 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!