01.12.2025
- Дата: 01.12.2025
🍂 Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айы ⚖️
🏫 Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарына арналған апта дәйексөзі.

Құрметті қоғам белсендісі Серік Әбдіжәми мырза!
Сіздің азаматтық белсенділігіңіз бен жауапкершілікпен атқарған еңбегіңіз балалардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасап, қоғам игілігіне маңызды үлес қосуда.
🔹Балалардың қауіпсіз жолын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесіңіз үшін Сізге шынайы алғыс білдіреміз.
Осындай игі істеріңіз әрдайым жалғасын таба берсін!

✍️ “Zhas dauren” көп жанрлы өнер республикалық байқауына қатысқаны үшін
«Ақ желкен» аула клубының маманы Г.М. Амирешова мектебіміздің хор үйірмесіне жетекшілік етеді. Республикалық байқауда оқушыларымыз жоғары жетістікке қол жеткізді.
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – ГРАН-ПРИ
🏅 1-дәрежелі диплом
Оқушылар кубокпен және медальмен марапатталды. Сонымен қатар,
🌍 Баку қаласына – 10%,
🌍 Ташкент қаласына – 5% жеңілдік сертификаттарын иеленді.

✍️ 2025-2026 оқу жылындағы “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ-2025” сайысының ережесі
🔹Сайыстың мақсаты мен міндеті:
-Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар шығармашыл-дарынды оқушыны анықтау;
-Оқушыларды рухани-танымдық және интеллектуалды қабілеті жағынан дамыту, дарындылық пен көшбасшылық қырларын қалыптастыру.
🔹Сайысты өткізу мерзімі
9-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ-2025” сайысы 2025 жылдың 5 желтоқсан күні сағат 12:00-де өткізіледі. Қатысушы әр класстан 1 үздік,жан-жақты оқушы болуы шарт.
🔹Сайыстың өткізілу орны
Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ, Мәжіліс залы.
🔹Сайыстың өту тәртібі мен жоспары
1.”Мен-болашақтың иесімін” атты таныстыру туры. Әр оқушы өзін сыныбымен бірге түскен видео арқылы таныстырады.Таныстыру видеосында өзінің қайырымдылық жолында атқарған ісімен бөлісуге болады. Видео соңында қатысушы мектепке тәрбие саласына байланысты бір айдар немесе идея ұсыну керек! Ұзақтығы 3-5 минут;
2. “Руханият пен құндылық –ел ертеңінің кепілі” атты сұрақ-жауап туры.Қатысушылар ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге байланысты және ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
3. “Бүгін –оқушы, ертең-көшбасшы“атты білім айдары.Қатысушылар ұяшық арқылы таңдалған пәндер мен логикалық сұрақтарға жауап береді.
4. “Ойын оқу мен тәрбиенің ажырамас бөлігі”атты физикалық- сергіту туры. Қатысушылар сергіту әдісіндегі физикалық ойынды өздері ұйымдастырады. Аудиториямен физикалық қозғалыс түрінде белгілі бір әдіс-тәсіл ойластырып әкеліп, жұмыс жүргізеді.
🔹Марапаттау
Сайыс жеңімпаздары Бас жүлде. I ,II ,III жүлделі орындармен марапатталады. “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ -2025 “атағын алған оқушы 25 мамыр соңғы қоңырау салтанатында марапатталады және қоңырау соғу мәртебесін иеленеді.

✍️ 2025-2026 оқу жылына арналған «ҮЗДІК СЫНЫП» жобасының ережесі:
1️⃣ Бағалау комиссиясы мүшелері мектептегі «Үздік сынып» жобасына қатысушы сыныптардың көрсеткіштерін арнайы бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды.
2️⃣ Бағалау нәтижелері ай сайын есептеледі.
3️⃣ Ереже барлық сыныптарға қолданылады және оны оқушылар мен мұғалімдер орындауға міндетті.
4️⃣ Бағалау әділдік, нақтылық және ашықтық қағидаттарына сай жүргізіледі.
Барлық сыныптар бірдей талаптармен бағаланады.
🔹Бағалау критерийлері;
✅Тәртіп бұзушылықтардың тіркелмеуі
(ескерту, сөгіс жоқ) — 10 балл
✅Оқушылардың мектеп формасын сақтауы — 10 балл
✅Сабаққа кешікпеу және себепсіз қалмау
✅Дене шынықтыру сабағында спорттық форма, гигиена, сыртқы келбет — 10 балл
✅Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара байланыс дәптерінің болуы — 5 балл
✅Қайырымдылық шараларына атсалысуы — 5 балл
✅Мектепішілік және мектептен тыс үйірмелермен қамтылуы — 7 балл
✅Сыныппен бірге сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру — 5 балл
✅Спорттық шаралардан алған жетістіктері — 5 балл
✅Сыныптың әлеуметтік желідегі белсенділігі — 7 балл
✅Оқушылардың сынып сағатына дәптерінің арналуы және толықтырылуы — 3 балл
✅Сыныпқа арналған папканың нормативтік талаптарға сай болуы — 7 балл
✅Тәртіп және мектеп формасы
Қосымша бақылау көрсеткіштері бойынша бағаланады.
✅Сыныптың жалпы үлгерімі (100%) — 3 балл
✅Ғылыми жобалар, «Зерде» және білім олимпиадаларынан жүлделі орындар
(I, II, III орын алған оқушылар)— 5 балл
🔹Жеңімпаздарды марапаттау
Жыл соңында жиналған ұпай қорытындысы бойынша жеңімпаз сыныптар төмендегі ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
🥇 I орын — 20 000 теңге
🥈 II орын — 15 000 теңге
🥉 III орын — 10 000 теңге
ℹ️ Қосымша ақпарат
1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылар үшін бағалау бөлек жүргізіледі.
🔹Сәттілік тілейміз!
